Венесуэладағы жойқын жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 5 мыңнан асты

24 маусымда Венесуэланың Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес болған екі қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5069 адамға жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, 16 740 адам жарақат алып, 17 907 тұрғын баспанасыз қалған. Құтқару жұмыстары барысында 6462 адам табылып, шамамен 37 мың зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген.
Жер сілкінісі салдарынан 190 ғимарат толық қирап, тағы 856 нысан қатты зақымданған.
ОқыңызМамандардың айтуынша, 24 маусым күні алдымен магнитудасы 7,2, араға бір минутқа жетпейтін уақыт салып 7,5 балдық екінші жер сілкінісі тіркелген. Мұндай құбылыс "сейсмикалық дублет" деп аталады. Екі зілзаланың эпицентрі Кариб теңізі жағалауындағы Морон қаласы маңында орналасқан.
Билік өкілдерінің мәліметінше, қаза тапқандардың басым бөлігі жағалаудағы өңірлердің тұрғындары. Ал үйсіз қалған мыңдаған адам су мен санитарлық жағдай жеткіліксіз уақытша лагерьлерде тұрып жатыр.
Зілзаланың салдарын жою үшін Венесуэла билігі Халықаралық валюта қорындағы (ХВҚ) өз ресурстарынан 346 миллион доллар бөлген.
Еске салайық, бұған дейін Венесуэлада 1 шілдеден бастап жеті күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Ал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды