Венесуэлада су тасқыны салдарынан 43 адам қаза тапты
Венесуэланың Арагуа штатында сел болған жерден 43 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қаза болғандардың саны 43 адамға жетті, жұмыс жалғасып жатыр", – деді елдің вице-президенті Делси Родригес VTV телеарнасының эфирінде.
Бұған дейін ел билігі 39 адам көз жұмғанын хабарлаған. Жексенбіде сел Арагуаның Лас-Техериас аймағындағы үйлердің бір бөлігін қиратты, өзендер арнасынан асып кетті.
Апат аймағына мыңнан астам құтқарушы мен сарбаз, азық-түлік тиелген автокөлік колонналары жіберілді. Президент Мадуро су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мен бизнесінен айырылған кәсіпкерлерге ақшалай көмек көрсетуді тапсырды.
Айта кетері, Венесуэланың солтүстігінде жауған нөсер жаңбырға Кариб теңізі арқылы өткен "Джулия" дауылы себеп болған.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?