Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ваннадағы жартылай жалаңаш балалар": Модельдік агенттік жасаған фотосессия қазақстандықтарды ашуландырды

Facebook желісіндегі Гүлбану Әбенованың жазбасы оқырмандар арасында үлкен резонанс тудырды. Ол модельдік агенттіктердің бірінің өкілдері өткізген ашық фотосессияны сынға алды. Даудың басы жас модельдерді ванна бөлмесінде ерсі суретке түсуінен басталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды. 

"Өркениетті елдерде, балаларға қатысты жыныстық әрекетке барса, компаниялар қоғамнан кешірім сұрайды. Ал бізде жоғарғы қоғам бар ма? Junior Fashion Week балаларға арналған модельдік бизнесті ұйымдастырушылар менің пікірім мен қоғамдық пікір қалыптастырғаным үшін кешірім сұрайды, сотпен қорқытады", - деп жазды Гүлбану Әбенова.

ҚР-дағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың пікірінше, модельдік агенттік балалармен фотосессия өткізіп, бала құқығын бұзып қана қоймай, сонымен қатар қоғамның моральдық негіздеріне де зиян келтірген.

"Мұндай жарияланым түрінде бұзушылықтар жазалануы керек. Заң жүзінде ІІМ-нің құзыреті қарастырылған. Бірақ Білім министрлігі де бұғаттау мүмкіндігіне ие болуы үшін заңнамалық түзетулер енгізілді.



Бұл орналастырылған және пайдаланушыларға қолжетімді болатын алғашқы фотосуреттер емес. Бұл фотосуреттер жақсы сапада түсірілген, сәйкесінше оларды кәсіби түрде айналысатын адамдар жасаған. Бұл мәселе заңнамалық және халықаралық тұрғыда баланың құқықтарына, оның жеке басына қарсы қылмыс, бала еңбегін мәжбүрлеп қанау ретінде қарастырылады. Сондықтан жол картасы тек осындай фотосуреттер ғана емес, сонымен қатар балалар құқықтарын қорғау туралы заңнама бойынша баланың бейнеге, атқа, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге құқықтарын бұзу деп танылатын басқа да сайттар мен модельдік агенттіктерге үнемі мониторинг жүргізуді көздейді", - дейді Эльвира Әзімова.

БАҚ-тың хабарлауынша, осы жарияланым фактісі бойынша ІІМ-ге, Мәдениет және спорт министрлігіне тексеру жүргізу, осындай агенттіктердің қызметі қаншалықты заңды екенін анықтау туралы хат жіберілген. Уәкілетті органдар мұндай ұйымдар өз қызметін заңнамаға сәйкес жүзеге асырады деп жауап берді. Алайда, балалардың жарияланған фотосуреттеріне сәйкес тексерулер жалғасады.

Талқылау