Финляндия премьер-министрі кеудесі ашық фотосессия жасап, дау астында қалды
Финляндия премьер-министрі Санна Марин Trendi сән журналының фотосессиясына қатысып, басы дау астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журнал мұқабасына ерекше және даулы образбен пайда болды. Саясаткер журнал мұқабасына жалаңаш денесіне қара костьюм киіп, винтажды алқа таққан. Сонымен бірге премьер-министрдің шаштары бұйраланып, жеңіл макияж түрін қолданған.
Сурет басылымның Instagram-дағы ресми парағында жарияланған сәтте желі қолданушыларының ашуын туғызды. Олардың көпшілігі Маринді айыптап, лауазымды адамның мұндай киімде суретке түсуі ерсі деп шүйлікті.
Алайда, көптеген адамдар саясаткерді жақтап, тіпті оны #imwithsanna хэштегімен қолдайтын флешмоб бастады.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген