Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вакцинадан бірде-бір өлім жағдайы тіркелген жоқ": Біртанов Қазақстандағы екпеге қарсы петиция жайлы пікір білдірді

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі вакцинацияға қарсы петиция жайлы сөз қозғады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда екпе салынбаған балаларды балабақша мен мектепке қабылдамауы мүмкін

"Қазақстанда соңғы он жылдықта вакцинадан ешкім қайтыс болған жоқ. Ата-аналар тарапынан да, дәрігерлерден де екпеден кейін жағдай асқынып кеткен науқас туралы шағым болмады. Петиция жайлы айтатын болсақ, біз барлықтарымен кездесіп, әңгімелерін тыңдадық. Сол үшін дәрігерлердің жауапкершілігін арттыру және қауіпті азайту мақсатында кодекс жобасына түзетулер енгізілді. Бұл шаралар петициялардағы шағымдардан кейін қабылданды. Енді тағы бір петиция дайындалыпты. Шағымдар қайта қайталанып отыр. Екпенің сапасына алаңдаудың еш қажеті жоқ. Біз барлық жағдайды қарастырудамыз", - деп мәлімдеді Біртанов. 

Айтуынша, екпеге қарсы болып жатқандар вакцинаның сапасыздығын алға тартып жатыр екен. 

"Вакцинаның көмегі зор екенін жоққа шығаруға болмайды. Фактіні эмоциядан ажыратсақ игі болар еді. Біз барлық жағдайға дайынбыз, қажет болған жағдайда тексеріс жүргізе аламыз. Бастысы - екпені сапасы мен оны жүргізетін дәрігерлердің жауапкершілігі кодексте көрсетілген. Заң жобасы әлі талқылануда", - деді министр. 

Сондай-ақ ол кодексте пандемия кезінде санитарлық дәрігерлердің құзыры артқанын айтып кетті. 

"Қиын жағдайлар болды. Денсаулық сақтау жүйесі пандемияға дайын емес еді. Бұл Қазақстанда ғана емес, басқа да мемлекетте орын алды. Эпидемия басталарда атқарылған шаралардың маңызы зор. Пандемия әлі біткен жоқ. Біз алдағы уақытта да індетпен ұзақ күресеміз. Сол себепті де жаңа ережелер өте қажет. Ал кодекс жазда қабылданатын болса, ендігәрі біз қауіпті індеттермен күресуге дайын боламыз", - дейді шенеунік. 

Еске салайық, бұған дейін Біртанов коронавируспен ауырған науқастың бәрі ауруханаға жатқызылмайтынын айтқан болатын. 

Талқылау