Біртанов: Коронавируспен ауырған науқастың бәрін ауруханаға жатқызбаймыз
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар» телеарнасына Қазақстанда кімдердің коронавирустан емделмейтінін айтты, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауру белгісі жоқ емделушілердің коронавирустан емделмейтіні белгілі болды.
«Бүгінге дейін біз ауру белгісі жоқ науқастарды бақылап, ауруханаға жатқызып, тіпті ем жүргізіп келдік. Емдеудің осы әдісін қолдандық. Бірақ содан кейін халықаралық ұсыныстарға сәйкес хаттамалар өзгерді. Халықаралық әріптестер бізге ауру белгісі жоқ науқастарды емдеуді ұсынған жоқ. Сондықтан олар қазір ауру кезінде үй карантинінде жатыр» - деді ол.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, соңғы апта бойынша ауру белгісі жоқ науқастар арасында Алматыда 90% және Нұр Сұлтанда 80%-ы жағдай анықталды.
Ауру белгісі жоқ адамдар жаппай тексеру арқылы анықталады.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды