Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина салдырудың алдында қандай тағамдардан бас тарту қажет: дәрігер түсінік берді

Коронавирусқа қарсы вакцина алмастан бұрын тәттілер мен жемістерді жемеген дұрыс. Бұл туралы терапевт, гастроэнтеролог Никита Харлов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Radiosputnik.ria.ru-ға сілтеме жасап.

вакцина

"Біріншіден, сізде аллергия туғызатын заттардың ешқайсысын жемеген дұрыс. Ешқандай жаңа тағамды сынап көрмеңіз, тек шұжық немесе сүттің белгілі бір маркасына дейін өзіңіз ұзақ уақыт бойы үйренген тағамдармен азықтаныңыз", – деді ол.

Дәрігер тәттілерді жеу мәселесіне және оның салдарына ерекше назар аударып өтті.


COVID-19-бен ауырып шыққан соң қандай ағзаларды тексеру керек? Дәрігер айтып берді 


"Вакцинациядан бұрын тәттілерге тыйым салынған, өйткені тәттінің салдарынан қандағы қант жоғарылайды, ал егер қант жоғары болса, онда адамға вакцинацияға төзу қиын болады. Бұл барлық көмірсуларға, тіпті тәтті еместеріне де қатысты: картоп, жарма, нан қандағы қант деңгейін жоғарылатады", – деп қосты ол.

Қауіпсіз диетаға келетін болсақ, цитрус жемістерін жеуге рұқсат етіледі. Оларға: лимон, грейпфрут жатады. Қауын, банан және жүзімнен бас тартуға тура келеді. Вакцинациядан кейін екі апта бойы да осы ережелерді ұстанған дұрыс болады. 

Талқылау