Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19-бен ауырып шыққан соң қандай ағзаларды тексеру керек? Дәрігер айтып берді

COVID-19-бен ауырып шыққан адамдарға қандай ағзаларды тексеру керектігін дәрігер айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жазылған соң ауыру асқынған кезде қатты зардап шеккен ағзаларға мән беру керек. Алайда бәрі бірдең өтуі тиіс сараптамалар бар. 

“COVID-19-бен ауырған адамға ағзасының жағдайын анықтау үшін жалпы қан талдауын жасау қажет. Қанның ұю дәрежесін тексеру үшін коагулограмм талдауынан өту қажет”, – дейді дәрігер-терапевт және трансфузиолог Андрей Звонков.

Бұл өте маңызды, өйткені коронавирус қанның ұюына әсер етеді және бұл тромбоз қаупін арттырады. Сондықтан жазылған соң қан қалыпқа келгеніне көз жеткізу керек.

Сондай-ақ антиденелер мен олардың деңгейіне тест тапсыру артық болмайды, деді дәрігер.

Маман бұл жағдайда басты көрсеткіш G антиденелерінің болуы және олардың саны екенін айтты. Сонымен қатар, дәрігер, талдау нәтижелерін өз бетінше бағалауға тырыспау керек, мұны маманның өзі жасауы тиіс.


Сатурация дегеніміз не?

Талқылау