Жаңа қаулы: Вакцина салдырмаған Нұр-Сұлтан тұрғындары сауда орталықтарына кіре алмайды
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс және демалыс күндері қызметкерлер мен келушілердің "жасыл" мәртебесі болған жағдайда (толық вакцина алған, 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандар) штаттық жұмыс кестесіне сай, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы карантин талаптарын сақтай отырып қызметін жалғастырсын", - делінген қаулыда.
Жаңа қаулы 15 қарашадан бастап күшіне енеді. Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Еске салсақ, бұған дейін Ashyq жүйесінде "көк" мәртебеге ие қала тұрғындары мен қонақтарының ойын-сауық орталығына кіруге тыйым салынатыны туралы хабарлаған едік.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті
"50 миллиардқа жуық қаржы бөгде шотқа түседі": Блогер Республика сарайын жалға берушілерді ел қазынасына қол сұқты деп айыптады
Блогер: "Қағаз жүзінде жасалған келісімшарттан кейін қаражат қазынаға емес, осы ұйымның басқа шоттарына түседі"