Қазақстанда тексерусіз кімдердің несиесі кешіріледі: Қаржы нарығын реттеу агенттігі шартын түсіндірді

Қазақстандықтардың бір бөлігі мерзімі өткен несиелерін табысы мен мүлкі тексерілместен есептен шығара алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова нақты кімнің несиесі есептен шығарылатынын айтты.
Мерзімі өткен несиені есептен шығару үшін азамат екі талапқа сай болуы керек:
- табысы екі ең төменгі жалақыдан (170 мың теңге) аспауы тиіс;
- атында мүлкі болмауы қажет.
Алайда несиесі 5 жылдан астам уақыт бойы өтелмеген адамдарға бұл талаптар қолданылмайды.
“Егер мерзімі өткен берешек 5 жыл және одан көп болса, онда бұл екі шарт оған жүрмейді. Ол еркін түрде өтініш бере алады, сонда оның қарызы табысы қанша екені мен мүлкі бар-жоғына қарамастан есептен шығарылады”, – деді Әбілқасымова.
ОқыңызӘбілқасымованың айтуынша, бұл нормаға қосымша “проактивті банкроттық” тетігі енгізілген. Бұл мемлекет мұндай азаматтарды өзі анықтайды деген сөз.
Банкроттыққа өтініш беруге құқығы бар адамдарды Қаржы министрлігі анықтайды. Сосын оларға қарызды есептен шығару мүмкіндігі туралы SMS хабарлама жібереді.
“Оларға проактивті түрде SMS жіберіліп, банкроттық рәсімін қолдану ұсынылады. Бірақ әзірге бұл тетікке жүгінетіндер көп емес”, – деді Әбілқасымова.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рейтингтік агенттік құруды жоспарлап отырғанын, оның көмегімен енді бизнес несиені тиімдірек шарттармен ала алатыны туралы жазған едік.
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Зообелсенділер бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты