"Құтылғанша көңілім жай таппайды": Қаржы нарығын реттеу агенттігінің төрағасы несиесі барын айтты
Фото: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова өзінің де несиесі бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс кулуарында журналистер Мәдина Әбілқасымовадан несиесі бар-жоғын сұрады.
“Менің несиелерім бар. Тұтынушы ретінде мен де банк қызметтерін пайдаланамын. Банктердің цифрландыру деңгейі өте жоғары деп ойлаймын. Қызметті банктердің мобильді қосымшалары арқылы аламын”, – деді ол.
Төраға бірнеше рет несие алғанын, енді одан құтылғанша көңілі жай таппайтынын айтты.
“Бірнеше рет несие алдым. Оларды толық жаппайынша көңілім жай таппайды”, – деді Мәдина Әбілқасымова.
Айта кетейік, бұған дейін Енді елімізде тұтынушылық несие мен бөліп төлеуге шектеу енгізілетіні туралы жазған едік.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"
