Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина салдырғаннан кейін моншаға түсіп, спортпен айналысуға бола ма: Маман түсіндірді

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қалай күтіну керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәрігердің сөзінше, вакцина әр адамға әртүрлі әсер етеді. Кейбір адамдарда ешқандай реакция болмаса, енді бірі дене қызыуы көтеріліп, өзін жаман сезінуі мүмкін. 

"Коронавирус вакцинасы адамның ағзасына қарай реакция береді. Біреуде жеңіл, енді біреуінде ауыр өтуі мүмкін. Мен де вакцина салдырдым. Жеңіл өтті. Тек орны ғана ауырды. Ал менімен бірге салдырған әріптестерімнің кейбіреуінің дене қызуы көтерілді, енді бірінде қалтырау болды", - дейді маман. 

Оған қоса маман вакцинадан кейін дене қызуы болмаса, моншаға түсіп, спортпен де айналысуға болатынын түсіндірді. 

"Дене қызуы көтерілсе, оны түсіруге көмектесетін дәрілер болады. Олар антибиотик емес, дене қызуын түсіруге арналған парацетамол, ибупрофен секілді препараттар. Соларды ішуге болады. Моншаға барып, спортпен айналысуға да рұқсат. Бірақ бірінші кезекте дене қызуын түсіру керек. Одан кейін вакцина салдырғаннан кейін үш күндей моншаға түсуге, су тигізуге болмайды. Сол тәртіпті сақтау қажет. Одан кейін адамның жағдайына қарай шомылуға болады. Әр нәрсе өз орнымен", - деп түсіндірді Лаура Мырзағали. 

Талқылау