Вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды: Министрлік түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде вакцина салдырған  16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыруына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаевтің сөзінше, Қазақстанда қолданылатын КВИ-ға қарсы вакцина құрамында бүтін тірі вирус жоқ, сондықтан салған вакцина коронавирус ауруын тудырмайды.

"Вакцинада антиденелер пайда болатын коронавирустың бір бөлігі ғана бар. Кейін инфекция жұқтырған жағдайда, бұл антиденелер вакцинадағы осы бөлшек арқылы бүкіл вирусты танып, оны жояды. Осыған байланысты, адам вакцинадан вирус жұқтырмайды және басқаларға жұқпалы болмайды", - деп түсіндірді ол.

Министрлік өкілінің айтуынша, инфекцияға қарсы вакцина салдырған адамдардың коронавирус жұқтыруы антиденелердің 12-14 күннен кейін пайда болуына байланысты.

"Инфекцияға қарсы толыққанды иммунитетке қол жеткізу үшін вакцинаның екі дозасын, яғни вакцинаның толық кешенін алу қажет. Вакцинациядан кейін иммунитетті қалыптастырудың аяқталуы екінші дозаны алғаннан кейін шамамен 21 күннен кейін күтіледі. "Спутник V" вакцинасын әзірлеушілердің деректері бойынша кейбір адамдарда жеке ерекшеліктеріне байланысты иммунитеттің қалыптасуы көп уақытты алуы мүмкін", - деді Ержан Байтанаев.

Бұған дейін Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр