Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырды

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вакцина

"Бүгінгі таңда вакцинаны алғаннан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус инфекциясын 16 адам жұқтырды. Вакцинациядан кейін коронавирус жұқтырудың ең ұзақ мерзімі екінші компонентін салдырғаннан кейінгі төртінші аптада тіркелген", - деп хабарлады Комитет.

Ведомствода коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейінгі иммунитет вакцинациялаудың екінші кезеңін алған сәттен бастап алты аптадан кейін қалыптасатынын атап өтті.



Бұған дейін Алматыдағы №4 перзентхана қызметкері вакцинациядан кейін көз жұмғаны туралы айтылған еді. 

Желіде тараған видеода қаза табуышының туыстары, оның вакцина салдырғаннан кейін жағдайы нашарлап, қатты қалтырағанын айтады. 

Талқылау