"Вакцина қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы" - Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцинация туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, елорда тұрғындары вакцинация науқанының флагманы ретінде әрекет етуі керек.
“Астана күнін адамдарды қолдау және шабыттандыру үшін - бірліктің күшін, өзара көмек көрсетудің маңыздылығын және ортақ іске әркімнің қосқан үлесінің құндылығын еске салу үшін қолдану керек. Елорда тұрғындары - вакцинация науқанының флагманы, шектеу шараларын сақтауы керек. Жалпыға бірдей вакцинация қалыпты өмірді қалпына келтірудің және адамдардың денсаулығын сақтаудың жалғыз әдісі екенін жақсы түсіну керек”, - деді ол Мемлекеттік туды көтеру рәсімі кезінде.
Президент "Біз біргеміз!" ұраны өлімге алып келетін инфекциямен күрестегі жеңіс формуласы болатынына сенімді.
Қазақстанда вакцинация төлқұжатын қалай алуға болады - Нұсқаулық
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады