AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

Қазақстанда вакцинация төлқұжатын қалай алуға болады - Нұсқаулық

Қазақстандықтар үшін вакцинация төлқұжаты қағаз және электронды нұсқада қолжетімді. Вакцинация паспортын қалай алуға болады – біздің нұсқаулықты оқи отырыңыздар.

Вакцинацияның қағаз нұсқасындағы төлқұжаты → "Вакцинацияның бірыңғай базасы" арқылы беріледі. Тіркелген медициналық ұйымына қарамастан, кез келген вакцинация пунктінде немесе емханада қағаз төлқұжатын ала аласыз. Қағаз паспортта QR-код бар, оны сұраныс орны бойынша кіре берісте сканерлеуге болады.

Екпенің электронды төлқұжаты → Egov mobile қосымшасында қолжетімді.

Egov mobile қосымшасын App Store немесе Google Play Market-тен жүктеуге болады.

Қосымшаға ЭЦҚ көмегімен кіруге болады, бірақ СМС-кодты пайдалана отырып, авторлану ыңғайлы.

Ол үшін ЖСН мен телефон нөмірін енгізу керек. Егер сіз мобильді азаматтардың деректер базасында тіркелген болсаңыз, онда сізге енгізу қажет коды бар СМС-хабарлама келеді.

вакцинация паспортын қалай алуға болады

Вакцинация төлқұжатын табу үшін "Сервистер" бөліміне кіріп, "Цифрлық құжаттар"бөлімін табу керек.

вакцинация паспортын қалай алуға болады

Цифрлық құжаттар тізімінде вакцинация төлқұжаты бар. Ол үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Вакцинация төлқұжатында ЖСН нөмірі, туған күні, төлқұжат нөмірі, вакцинаның атауы, вакцинациялау күні мен орны көрсетіледі.

вакцинация паспортын қалай алуға болады

Төлқұжатты смартфонға жоғарғы оң жақ бұрыштағы жүктеу белгішесін басу арқылы жүктеуге болады.

Қажет болған жағдайда экранға QR-код шығарылады – құжаттың заңдылығын растау үшін оны сұраушы тарапқа көрсетуге болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр