Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме? Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов балаларды вакцинаға міндеттеу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вакцина оқушы

Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингіде “Елге Рfizer вакцинасы келсе, екпе алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме?” деген сұрақ қойылды. 

"Жалпы қазіргі таңда коронавирусқа қарсы екпені 18 жастан бастап жасап жатырмыз. Рfizer вакцинасы келгеннен кейін 12 жастан бастап пайдалануға болады. Қазіргі кезде вакцина алмаған балаларды шектеу көзделіп отырған жоқ. Ол әр баланың ата-анасының келісімі бойынша, ерікті түрде ғана салынады. Сондықтан біз өз тарабымыздан түсіндіру жұмыстарын халыққа жеткіземіз", – деген вице-министрі Марат Шоранов жақында.

Сондай-ақ ол Рfizer вакцинасының 4 миллоннан астам дозасы елге жеткізілетінін айта кетті. 

"Бұл мәселе бізде өте ерекше деп есептейміз. Неге десеңіз, біз балалардың білім алуын офлайн режимге көшірдік. Санитарлық режим, маска режимі дейміз, соның арқасында қазір балалардың арасында науқастану көрсеткіші үлкен емес – 0,6 пайыз болып отыр. Сондықтан да вакцина салынса балаларымыз мектепке қорықпай бара алады деп сенеміз", – деді Марат Шоранов.

Айта кетсек, оқу жылы басталғалы бері мектеп оқушылары арасында ковид жұқтырған 9 185 адам анықталған. 


Талқылау