Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйіміздің нақты бағасы – 93 миллион теңге": Актер Қайрат Әділгерей үй алудың қиындығын айтты

Танымал дубляж актері, әзілкеш Қайрат Әділгерей жаңа үйге көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Үйдің дизайнері, актердің жұбайы, әнші – Бақыт Тұрманова. 

“Бұл үйге көшіп келгенімізге бір ай толды. Бұрын 55 шаршы метрлі екі бөлмеде тұрдық. Содан кейін осы төрт бөлмелі үйге көштік. 160 шаршы метр болады. Үйдің жөндеу жұмыстарына бес айға жуық уақыт кетті. Сол аралықта пәтерден пәтерге көшіп жүрдік”, – дейді актер. 

Болашақта жер үй салып, құда күткісі келетінін де айтып қалды.

“Ұлым  16-ға толады. 5-6 жылдан кейін құда күтетініміз анық. Соған дейін жер үй салуды ойлап жүрмін. Өзіміз де әкемізден қалған үйде тұрып жатқанымыз жоқ. Балаларымыз да біздің үйде тұрмай, бөлек жоспар құрса қарсы болмаймыз. Келіншегіміз екеумізге 3-4 бөлмелі жер үй жарайды”, – дейді актер. 

Өнер иесінің айтуынша жаңа қонысы өте қымбат ықшам ауданда орналасқан.

“Әл-фарабидің жоғары жағынан алдық. Өте қымбат жер. Біз тұрғын үй кешені салынып жатқанда алып қойдық. Осы жылдың наурыз айында пайдалануға берілгенде таза әрлеуде алдық. Ал дизайынын өзіміз жасадық. Біз көшкен жылы көрші тұрғын үй кешені салынып жатты. Ол терезеден көрінетін тауды жауып тастады. Үйіміз сегізінші қабатта тұр еді, “он екінші қабатқа көтерейікші” дегенімізде: “25 миллион теңге төлеп кез-келген қабаттан ала беріңіздер”, – деді, сонда әр қабатқа 5 миллион теңгеден қосып тұр. Өте көп шығын кеткесін, ол соманы тауып бере алмадық. Осы қабатқа да қанағат. Бұл үйдің нақты бағасы – 93 миллион теңге. Құрылысына 50 миллион теңге кетті”, – дейді актердің жұбайы.  

Еске салсақ, өнерлі отбасы 150 миллион теңгеге үй сатып алғанын жазған болатынбыз. 

 

Талқылау