Үйде қамалып қалған мысық екі ай бойы қағаз жеп күнелткен
Голландияның Схидам қаласында мысық құлыптаулы үйде 52 күн бойы тамақсыз қалып, аман қалған.

Үйдің бұрынғы иесі шілде айының басында кетіп қалады, содан кейін жылжымайтын мүлік аукционға қойылған. Тарыққан және аш құрсақ мысықты үйдің жаңа қожайындары көреді: олар есікті ашқан сәтте жануар олардың аяғына орала кетеді.
Оқиға орнына келген ветеринарлар мысыққа алғашқы көмек көрсетеді. Олар жануарға дәрілік тамшы салып, анализ тапсырған. Зерттеу нәтижелері хайуанның екі ай бойы үйден табылған қағаздарды қорек қылып, тамшылап тұрған шүмектен су ішкенін анықтайды.
Қазіргі уақытта Фин деген лақап атқа ие болған мысық асыранды жануарлар үйшігінде, оған жаңа қожайындар іздеуде. Полиция мысықтың қалай бос үйге қамалып қалғанын анықтау үшін үйдің бұрынғы иесін іздестіруде.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"