Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш жасар қызын балабақшадан қансыраған күйде алып қайтқан": Қыздың анасы мәлімдеме жасады (видео)

Алматыда жеке балабақшалардың бірінің тәрбиеленушісі үйіне 0,3×0,4 см кесілген кіші жыныс еріндері жарақатымен оралған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "НеМолчи" қоғамдық қорының желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

3 жасар қыздың анасының айтуынша балабақша директоры кінәсін мойындамай, керісінше әйелдің өзіне жала жапқан. 

- Менің жағдайым қиын, сіздерден көмек сұраймын. 2023 жылдың 6 маусымында 3 жасар қызым жеке балабақшада 0,3×0,4 см кесілген кіші жыныс еріндері жарақатын алды. Ол кезде камералар жұмыс істемеген. Тергеу амалдары күні бүгінге дейін жалғасуда. Балабақша директоры кінәсін мойындамай, керісінше, тергеушілерге баланы мұндай күйде анасының өзі әкелді деп мені айыптауда.

Хирургтер тексеріп, ауыр соққы болғанын айтты. Полицейлер анықтап берер деп ойладым, бірақ олар камера жұмыс істемегендіктен дәлелдей алмайтындарын айтты" - деді әйел. 

Ал Алматы қалалық полиция департаменті бұл іске қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді. 

"Бұл дерек Әуезов аудандық полиция Басқармасында ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында" - делінген хабарламада.

Талқылау