Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш үй мен екі пәтерді қолды еткен": Антикор бір жыл бойы іздеуде жүрген қазақстандықты ұстады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Алматы полиция департаменті бірлесіп, 2023 жылдан бері іздеуде жүрген ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Мәліметтерге сенсек, ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті иемденді деп күдікке ілінді. Алаяқтық Алматы әкімдігі мен ҰҚК департаментінің лауазымды адамдарының қатысуымен жасалған. Олар бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сатумен айналысқан.

“Биыл 14 маусымда Бішкекте "У" есімді азамат ұсталғаннан кейін оны Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралатыны айтылды. Сол күні құзырлы органдары ер адамды Алматыға жеткізді. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді агенттіктің баспасөз қызметі.



Еске салайық, бұған дейін Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Топ мүшелерінің "қаңтар оқиғасының" белсенді қатысушыларымен байланысы бары анықталды.

Талқылау