Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш адамның өліміне себеп болған автобус апаты: Қазақстанда тағы бір сот отырысы тікелей эфирде өтеді

Жоғарғы сот автобус жүргізушісін ұрып, үш адамның өліміне себепші болған ер адамға қатысты сот отырысын тікелей эфирде өткізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырған деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді. 

Жоғарғы сот пен сот әкімшілігі қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. 

Сот отырысы Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2024 жылың 24 сәуір күні сағат 15:00-де өтеді. Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы соттың YouTube-арнасында көрсетіледі.


"Жұдырық жұмсайды деп күткен жоқпыз": Алматыдағы автобус апатының куәгерлері оқиғаның қалай болғанын айтып берді


Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобус бір топ жаяу жүргіншіні қағып кетіп, салдарынан 3 адам қаза тапқаны туралы жаздық. Полиция мәліметінше, 47-бағыттағы автобустың жолаушысы жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан жүргізуші есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Полиция автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғаған еді. Сотталушы “бұзақылық” бойынша ғана кінәсін мойындайтынын айтты. 

Талқылау