Үш адам өлтірген: Ақтөбе облысында 24 жыл жасырынған ресейлік қылмыскер ұсталды
Ақтөбе облысында үш адам өлтіріп, 24 жыл жасырынған ресейлік қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

20 қыркүйекте қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады. Ер адам 1999 жылдан бері үш рет кісі өлтіру және қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болды.
"1999 жылдың күзінде Орынборда ол үш адаммен (бұрын ұсталған және сотталған) алдын ала сөз байласып, ақша бопсалау үшін қарақшылық шабуыл жасап, үш азаматты өлтіріп, мәйіттерін көмген", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.
Ұсталған адам тергеу изоляторына жіберілді. Қазір оны Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы мәселе шешілуде.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"