Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уролог ерлердің денсаулығына пайдалы азық-түліктерді атады

Уролог-андролог Артур Богатырев ерлердің денсаулығына дұрыс тамақтану да оң әсер ететінін айтты. Сондай-ақ ер адамдар үшін пайдалы азық-түліктерді санамалап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Газета.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

тамақ

Богатыревтің сөзінше, ер адамдардың мәзірі дәрумендер мен ақуызға қанық болуы шарт. Сондықтан теңіз өнімдерін, буға піскен балық етін, тауық пен сиыр еті, майсыздандырылған қышқыл сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс, жаңғақтар, қанттың орнына балды тұтынған жөн дейді. 

Бұдан бөлек ұрықтың сапасы жақсару үшін мәзірге мидияны (теңіз өнімі) қосу керек. Себебі мидияның құрамында фосфор, селен, йод, марганец, фолий қышқылы, мырыш, темір мен В дәрумендер тобы бар екен. 

Маман қарақұмықтың да пайдалы екенін атап өтті, оның құрамында қан айналымын жақсартып, тамырға пайдалы рутин болады. Асжапырақ пен балдыркөкте қан айналымын жақсартады. Сондай-ақ балдыркөк феромон мен ерлердің жыныстық гормоны – андростерон бөлуге әсер етеді. 

Сөз соңында дәрігер ер адамдарға таңертең 1-2 қасық асқабақ дәнін жеуге кеңес етеді. Құрамындағы мырыш пен магний тестостеронның бөлінуін көбейтеді дейді.  

Талқылау