Үндістаннан келген қазақстандықтар екі апталық карантинге жатқызылады
Соңғы екі аптада Үндістанға барған барлық қазақстандықтар үй карантиніне жіберіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Министр Үндістанда коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы нашарлағанын айтты. Ол жерде күн сайын 400 мыңға дейін коронавирус жұқтырған адам тіркелуде. Осыған байланысты Қазақстан билігі Үндістанда кең таралған штаммның елге келуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдады.
"Осылайша, соңғы 14 күнде Қазақстанға келген және Үндістанға барған адамдар үйде оқшауланатын болады. Олар 14 күн үй карантиніне жатқызылады", - деді Цой.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды
