Қазақстандықтар Ресейге қалай бара алады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға Ресейге қалай баруға болатынын хабарлады.

Қазақстан азаматтары Беларусь арқылы Ресейге осы елдің ықтияр хаты немесе ерекше негізі бар себеп болған жағдайда ғана ұшып бара алады. 

Қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары Ресейге келесі елдер арқылы ұшып келе алады:
Түркия, Швейцария, Египет, Мальдив, БАӘ, Қырғызстан, Корей Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшель аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзірбайжан, Армения, Греция, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының азаматтары Ресей Федерациясына келесі жолдармен:

1) тікелей әуе рейстерімен;

2) тізбесі РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-ө өкімімен бекітілген елдер арқылы транзитті әуе рейстерімен (сілтемені қараңыз);

3) РФ Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №635-р өкімімен көзделген негіздер болған жағдайда құрлықтық өткізу пункттері арқылы не басқа елдерден (сілтемені қараңыз) келе алады.

 
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр