Үндістанда үлкен билборд адамдардың үстіне құлап кетті: Қаза тапқандар бар
Үндістанның ең көп тұрғын қоныстанған қаласы – Мумбайда үлкен билборд адамдардың үстіне құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: BBC
Гхаткопар ауданында шаңды дауыл мен жаңбыр кезінде жарнама тақтайшасы құлаған. Әлеуметтік желіде төтенше жағдайдың видеосы пайда болды.
Қаза тапқандар мен жараланғандардың нақты саны белгісіз. Hindustan Times үш адам, ал Үндістан телеарнасы төрт адам көз жұмды деп хабарлады. Times of India сегіз адам мерт болғанын мәлімдеді. Құлаған қалқан 100-ге жуық адамның үстіне құлаған болуы мүмкін.
Билбордтың биіктігі – 30 метрдей. Үндістан президенті Драупади Мурму үндістандықтарға көңіл айтты.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен