Үндістанда "су перісі" дүниеге келді
Үндістанның Уттар-Прадеш штаты Лакимпур-Хери ауданында сиреномелия немесе су перісі синдромы бар бала дүниеге келді.

Ол бір сағаттан аз уақыт өмір сүріп, шетінеп кетті.
22 жастағы жүкті әйел 27 шілдеде жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, босану қалыпты болды, алайда бала туылған кезде дәрігерлер шошып кетті. Нәрестенің екі аяғы бірігіп, қатты әлсіз болып туды. Тіпті баланың жынысын да анықтау мүмкін болмады.
Босануды қабылдаған дәрігерлер нәрестені жедел медициналық көмек көрсете алатын Лахимпур уезіндегі ауруханаға жеткізуді сұрады. Алайда ата-анасы шешім қабылдағанға дейін сәби шетінеп кетті.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған