Ұлытау және Атырау облыстарына жаңа әкімдер тағайындалмақ

17 шілдеде Ұлытау және Атырау облыстарында жаңа әкімдерді тағайындауға келісім беру үшін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысы өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тиісті ақпарат Атырау облыстық және Ұлытау облыстық мәслихаттарының ресми сайттарында жарияланды.
Атырау облысында депутаттардың жиналысы 17 шілде күні сағат 09:30-да Атырау қаласында өтеді. Қатысушыларды тіркеу 08:00-де басталады.
Ал Ұлытау облысында облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарының жиналысы 11:00-де Жезқазған қаласында ұйымдастырылады. Тіркеу 10:00-де басталады.
Жиындар президенттің 2022 жылғы 8 маусымдағы Жарлығымен бекітілген облыс әкімдерін тағайындауға мәслихат депутаттарының келісім беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Әзірге облыс әкімі лауазымына ұсынылатын кандидаттардың есімдері жарияланған жоқ. Айта кетейік, Серік Шәпкенов 2022 жылғы 7 сәуірден бері Атырау облысының әкімі қызметін атқарып келеді.
Еске салайық, бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың ұлы Айсұлтан Сейпелов Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Ол мемлекеттік қызметке биыл маусымда ғана бас маман ретінде келіп, бір айдан кейін аудан әкімінің орынбасары қызметіне көтерілді. Әкімдік конкурс заң талаптарына сай өткенін және үміткердің министрдің ұлы екенін конкурс кезінде білмегенін мәлімдеді. Арнайы тексеру әлі аяқталған жоқ.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Оқыңыз