Ұлытау облысындағы апатты үйлерді сүру басталды

Жезқазған қаласында реновация бағдарламасын іске асыру шеңберінде Абай көшесі №53, 55, 57, 59 мекенжайларында орналасқан апатты тұрғын үйлерді сүру жұмыстары қарқын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, бірінші кезеңде Абай көшесіндегі №57 тұрғын үй сүріліп жатыр. Келесі кезеңде қажет дайындық және ұйымдастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін №59 тұрғын үйді бұзу жоспарланды.
Демонтаж барысында шығарылған құрылыс қалдықтары мен қоқыстар арнайы техника арқылы қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасымалданып, белгіленген талаптарға сәйкес орналастырылып жатыр.
Аталған жоба қаланың тұрғын үй қорын жаңғыртуға, тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға және заманауи тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Айта кетейік, бұл төрт тұрғын үйдің орнына екі блоктан тұратын жаңа көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
122 миллиард теңге бөлінсе де, Қазақстанда қоқысты қайта өңдеу неге дамымай жатыр? Сарапшы түсіндірді
Маман қомақты қаржы бөлінгенімен, қалдықтарды өңдеуде шешілмеген мәселе көп екенін айтады
"Екі рет үйленіп, ажырастым деймін": Медеу Арынбаев марқұм жарына берген уәдесі мен жеке өмірі туралы айтты
Айгүлмен алғаш танысқанда, ол мендік болатынын бірден сезгем.