Украинадағы отандастарымызды елге жеткізу үшін Катовицадан рейс ұйымдастырылды
Украинадағы отандастарымызды орын алған жағдайға байланысты елімізге қайтару үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сыртқы істер министрлігімен, Украинадағы және Польшадағы Қазақстан елшіліктерімен, сондай-ақ "Air Astana" компаниясымен бірлесе отырып арнайы рейстер ұйымдастыру мәселесін қарады. Бұл жайлы Азаматтық авиация комитеті өз Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан азаматтарын шығару үшін алғашқы КС 2203 рейсі 28 ақпанда 09:53-те Атыраудан ұшып шыққан. Ұшақ Катовица қаласына қонады және 179 адамға арналған.
- Неге Украинадағы қазақстандықтар шекарадан ертерек шығарылмады? Сыртқы істер министрлігі жауап берді
Рейс Катовицадан 28 ақпанда жергілікті уақыт бойынша 10:30-да Атырауға қарай ұшып шығады деп жоспарланған.
"Екінші рейс 1 наурызға жоспарланып отыр. Катовицадан 02:15-те ұшып шығып, Атырауға 11:35-те жетеді", - деп мәлімдеді әуе компаниясының баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, бұған дейін Еуроодақтың өз әуе кеңістігін Ресей ұшақтары үшін жапқанын хабарлаған едік. Енді ресейліктер Еуропаға ұша алмайды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған