Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неге Украинадағы қазақстандықтар шекарадан ертерек шығарылмады? Сыртқы істер министрлігі жауап берді

Сыртқы істер министрлігі Украинадағы қазақстандықтардың неліктен ертерек шығарылмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте: "Батыс елдері өз азаматтарын алдын ала алып кетті. Неліктен Қазақстан жұмысты алдын ала жүргізбеді, неге Қазақстан сыртқы істер министрлігі жұмысты өте кеш бастады?" – деген сұрақ қойылды.

"Себебі, соғыс қимылдары басталғанға дейін Air Astana ұшақтары тұрақты рейстер жасаған. Ал азаматтар қалаған уақытта кете алатын, біздің азаматтар үшін еш кедергі болған жоқ. Украина аспаны ашық, ұшақтар ұшып, азаматтар өз қалауы бойынша елден кете алатын.

Біз азаматтардан мынадай күні елден кету керек деп талап ете алмаймыз. Адамдар өздері шешуі керек. Екіншіден, біз Украинаның ресми ақпаратына сілтеме жасадық", –  деп жауап берді департаменттің ресми өкілі Айбек Смадияров.



Сондай-ақ ол кейбір қазақстандықтардың эвакуациялау пункттеріне дейін тасымалдау туралы шағымдарына түсініктеме берді.

"Кейбіреулер: “Неге елшілік келіп, мені көлікпен алып кетпейді?” – деп айтады. Бізде дипломаттар бар, олар да қарапайым азаматтар, арнайы дайындықтан өткен жоқ, атқылау немесе атыс кезінде қалалар арасында қозғала алмайды. Мынаны түсіну керек, ең алдымен дипломатты аман алу қажет, ол сол кезде ғана өзге азаматтарға көмектеса алады", –  деп түсіндірді Смадияров.

Талқылау