Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Уимблдондағы” жеңісінен соң Рыбакинадан бірден соғыс пен Путин туралы не ойлайтынын сұрады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға “Уимблдондағы” жеңісінен соң ұйымдастырылған баспасөз конференциясы кезінде бірден Украинадағы соғыс туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме беріп. 

“Соғыс пен Путиннің әрекеттерін кінәлайсыз ба? Адамдар сіздің позицияңызды білгілері келеді деп ойлаймын” деді сұрақ қоюшы.  

“Кешіріңіз, менің ағылшын тілім онша жақсы емес. Сұрақтың екінші бөлігін түсінбедім. Өз тарапымнан Қазақстанның атынан шыққанымды ғана айта аламын. Туған жерімді таңдаған жоқпын. Адамдар маған сенді. Қазақстан мені қатты қолдады. Бүгін де маған қолдау көп, жалауларды көрдім. Сондықтан мен бұл сұрақтарға қалай жауап беретінімді білмеймін”, – деді ол.

Еске салайық, Уимблдон финалында Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 23-ші) тунистік Онс Джаберді (2-ші) - 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша 23 жастағы Рыбакина "Үлкен дулығаның" соңғы кездесуінде әлемдік рейтингтегі №2 теннисшінің алдын орап, Қазақстан тарихына енген еді. 

Айта кетейік, Британдық журналист Сэм Стрит қазақстандық Елена Рыбакинаның “Уимблдон 2022” турниріндегі жүлдесінен Ресейде табыс салығын төлеуге мәжбүр болатынына ашуланған еді. Сондай-ақ, Рыбакинаның “Уимблдон” финалында жеңіске жеткені үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болған еді.

 

Талқылау