Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміз үшін тарихи жеңіс: Рыбакина "Уимблдонда" жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Уимблдон" финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

23 жастағы Рыбакина "Үлкен дулығаның" соңғы кездесуінде әлемдік рейтингтегі №2 теннисші Онс Жаберді жеңді. 

Алғашқы сетте тунистік Онс Жабер басымдық танытқан. Қазақстандық спортшы бастапқыда 3:6 есебімен жеңілген. 

Екінші сетте Рыбакина қарсыласын 6:2 есебімен жеңді. Соңғы сет басталғанда Жабер қателік жіберіп, 1:0 есебімен артта қалды. 3-сеттің 8-геймі ойынның шешуші сәтіне айналды. Осылайша Рыбакина үшінші сетте де 6:2 есебімен жеңді. 

Қос теннисші де спорттық мансаптарында алғаш рет “Үлкен дулыға” ойындарының финалында ойнады. 

Обс Жабер қазіргі уақытта әлемнің екінші рактекасы, ал Рыбакина жиырма үшінші.

Айта кетейік, бұған дейін теннисші Елена Рыбакина неліктен Қазақстан азаматтығын алғанын түсіндірген еді. Ол бұрын Ресей атынан өнер көрсеткен. 

Талқылау