Бұрынғы ресейлік теннисші Елена Рыбакина неліктен Қазақстан азаматтығын алғанын түсіндірді
Бұрын Ресейдің атынан өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина неліктен азаматтығын өзгерткенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы Мәскеуде дүниеге келген, бірақ 2018 жылы спорттық азаматтығын өзгерту үшін өтініш беріп, Қазақстан атынан өнер көрсете бастаған.
"Қазақстанда маған көп көмектесті. Мен адамдардың қолдауын сезінемін және Қазақстан үшін қуана-қуана өнер көрсетемін. Менің ойымша, менің нәтижелерім Қазақстандағы спортқа көмектеседі. Ол жақта маған сенім артып, ойнап және дамуым үшін барлығын жасады. Жаттығу үшін барлық мүмкіндіктерді берді. Әрине, бұл маған үлкен көмегін тигізді", – деді теннисші.
Қазір Рыбакина Уимблдонда ойнап жатыр. Ол Румыния өкілі Симона Халепті жеңіп, финалдық кезеңге шықты.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған

