UFC файтері мен Қазақстан азаматтары Таиландта адам ұрлады және азаптады деген күдікке ілінді
Шешенстандық спортшы әрі UFC файтері Хусейн Асхабов пен оның егізі Таиландта ұсталды. Олар италиялық кәсіпкерді ұрлап, азаптады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тергеу мәліметінше 3 қыркүйекте бірнеше ер адам кәсіпкердің вилласына баса-көктеп кіріп, оны түні бойы азаптаған.
Полицияның сөзінше, күдіктілер кәсіпкерді азаптау кезінде үтікті де қолданған. Осылайша үйінен 40 мың еуро, қымбат сағаттар мен техникаларды алып кеткен.
Келтірілген шығын 300 мың еуроға жуықтайды.
Тергеушілер күдіктілердің арасында ағайынды Асхабовтар мен бірнеше Қазақстан азаматы болғанын айтады. Спортшылар ұсталғанымен, олардың сыбайластары қашып үлгеріпті. Қазақстандықтар Пхукеттен Дубайға ұшып кеткен. Ал өздерімен бірге 12 миллион бат немесе 156 миллион теңге алыпты. Тергеу мәліметінше олар Дубай арқылы Қазақстанға келуі мүмкін.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"