UFC-дің экс-спортшысы Жалғас Жұмағұлов кәсіпқой бокстан жекпе-жекке шығады
UFC тұжырымының экс-спортшысы Жалғас Жұмағұловтың кәсіпқой бокстағы дебютті жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Fight Nights Global
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов екі күннен кейін кәсіби бокстағы алғашқы кездесуін өткізеді. Отандасымыз 20 желтоқсанда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін турнирде кәсіби бокстағы дебютті жекпе-жегін өткізеді. Fight Nights Global тұжырымы өткізетін бокс кешінде Жалғас Жұмағұлов норвегиялық Раванд Оубаға қарсы жұдырықтасады. Қос спортшы турнирдің негізгі кардында өнер көрсетеді.
Айта кетейік, соңғы жекпе-жегін Жалғас Жұмағұлов еуропалық Оktagon тұжырымында Уэльс спортшысы Аарон Эйбиге (16-9-1) қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

