UFC-дің экс-чемпионы Қазақстан тумасына сес көрсетті
UFC-дің экс-чемпионы Джастин Гейджи (23-4) Рафаель Физиевті уақытынан бұрын жеңетінін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жекпе-жек наурыздың ортасына жоспарланған.
"Мен жаттығуға барымды салып жатырмын. Ауыр жұмыс істеп, оны терең ұйқыға жіберемін. Физиевті жеңген соң чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасамын ба? Айта алмаймын... Қазір бар зейінімді осы жекпе-жекке салдым", – деді ол The Schmo YouTube-арнасына берген сұхбатында.
Жеңіл салмақ рейтингіндегі үздіктер UFC 286 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді. Ал жарыстың басты кездесуі жартылай салмақтағы Леон Эдварс (20-3) пен Камару Усман (20-2) арасындағы жекпе-жек болмақ.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады

