UFC 16 жеңісі бар қазақстандық файтермен келісімшарт жасасты
Қазақстандық файтер Азат Мақсұм UFC-мен келісімшартқа отырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы OCTAGON лигасы ресми мәлімдеді.
"Тарихта алғаш рет Қазақстанда құрылған лига әлемдегі үздік промоушенге жол салды. Азат Мақсұм OCTAGON лигасында 8 жекпе-жек өткізіп, чемпион атанды және өз салмағында болашақ ММА жұлдызы. Біз Мақсұмның UFC-мен келісімшарт жасауын мақтан тұтамыз. Азат – OCTAGON лигасының файтерлерге беретін мүмкіндігінің жарқын үлгісі", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Асу Алмабаевтың UFC промоушенімен келісімшарт жасағаны белгілі болған еді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

