Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

УЕФА президенті Қазақстан футболын дамытуға инвестиция салатынын хабарлады

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

УЕФА президенті Александр Чеферин Қазақстан футболын дамытуға барынша көмектесіп, инвестиция салатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еуропа футбол қауымдастығының президенті (УЕФА) Александр Чеферин алғаш рет Орта Азия еліне ресми іс-сапармен келді. Айта кетейік, бұл сапар Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың Ньондағы УЕФА штаб пәтеріндегі кездесуде жоспарланған еді.

 Осылайша Астанада өткен кездесуде қос тарап Қазақстан футболының даму жолын жоспарлап, серіктестікті нығайтудың бағыттарын анықтады.

“Марат Омаров мырзамен жақсы қарым-қатынас орнаттық. Болашақта УЕФА Қазақстан футболын дамытуға барынша көмектесіп, инвестиция салатын болады.

Сондай-ақ бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өте нәтижелі кездесу өткіздік. Оның спорт пен футболды ерекше бағалайтынын байқадым,” – деді Чеферин өз сөзінде.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада УЕФА президенті Александр Чеферинмен кездесу өткізген еді.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 25 Сәуір, 2025 20:24
Талқылау