ҰБТ-дан ең алғаш болып 140 ұпай жинаған түлекке Iphone сыйға тартылады
Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-да алғаш болып 140 ұпай жинаған түлекке iPhone смартфонын сыйға тартпақ.

© Sputnik / Евгения Новоженина
Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Биыл, Ұлттық бірыңғай тестілеу он бесінші рет өткізіледі, кішігірім мерейтой. Қазақстан азаматы ретінде, өз атымнан, ең алғаш болып 140 ұпай жинаған түлекке iPhone сыйлаймын”, — деді Әлімқұлов.
Айта кетейік, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында 167 пунктіде өтеді. Тестілеуге қатысу туралы өтініш 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады. Биыл тестілеуге Қазақстан бойынша 96 мың түлек қатысады.
Оқи отырыңыз:
Сағадиев лимузин жалдап бітіру кешін өткізетіндер туралы әңгімеледі
Дәрігерлер Атырауда терезеден құлап кеткен қыздың жағдайы туралы хабарлады
Астана тұрғындары жолдан жалауша ұстап өтуге міндеттелуі мүмкін
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді