Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті селфи: Қостанайлық жасөспірімдер тоғыз қабатты ғимараттың төбесіне шығып суретке түскен (видео)

Қостанай қаласының тұрғыны тоғыз қабатты ғимараттың төбесінде көңіл көтеріп жүрген жасөспірімдерді көріп, олардың әрекетін видеоға түсіріп алған.

Қауіпті селфи: Қостанайлық жасөспірімдер тоғыз қабатты ғимараттың төбесіне шығып суретке көңіл көтерген

Бұл туралы alau.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Видеодан жасөспірімдердің шатырдың шетіне жақындап тұрғанын көруге болады. Ал көрші үйдің тұрғындары жасөспірімдердің әрдайым осылай көңіл көтеретіндерін айтып отыр.

«Міне, олар осылай істейді. Олар бұның өте қауіпті екенін түсінбейді. Шатырға шығатын есік неге ашық тұр?», – деп жазды бойжеткен.

Дәл осындай ойын-сауықты 5-ші ықшам ауданда жас балалар ұйымдастырған. №5 үйдің тұрғындарының бірі көршілес тоғыз қабатты ғимараттың төбесінде жасөспірімдердің суретке түсіп жүргенін хабарлаған.

Тағы оқыңыз: 

Гүл және алмаз қыры секілді: Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барып қайтты

Енді Қазақстаннан ақша алып шығу қиын болмақ

Тоқтар Әубәкіров 40 жылдан аса отасқан орыс келіншегі туралы айтты

5 қызы бар: Шымкент тұрғыны ұл тумағаны үшін келіншегін тастап кеткен

Талқылау