ҰБТ-дан 140 балл жинаған тараздық түлек пәтерлі болды

Тараздық түлек ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинап, Астанадан пәтер алды. Ерекше сыйлыққа Білім-инновация лицейінің оқушысы Нұрғанат Қанат ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жайт жайлы білім беру орталығының әлеуметтік желідегі парақшасы жариялады. Кадрлардан жасөспірімге бизнес-кластағы екі бөлмелі пәтердің сертификаты берілген. Видеода сондай-ақ символикалық кілт, қызыл кілем және түлектің ата-анасына арналған құттықтау сәті көрсетілген.
Орталық өкілдерінің айтуынша, олар рекордтық нәтиже иесін жай ғана құттықтап қоймай, үлкен марапатқа тек спортшылар, әртістер мен блогерлер ғана емес, дарынды оқушылар да лайық екенін көрсеткісі келген.
Пәтерден бөлек, Қанаттың ата-анасына 3 млн теңгенің ақшалай сертификаты табысталды.
Пікір қалдырған желі қолданушылары түлекті құттықтап, оның нәтижесін бүкіл ел үшін мақтаныш деп атап жатыр.
“Құттықтаймыз”, “Жарайсың, сен лайықсың”, “Құттықтаймын, тек биіктен көріне бер”, – деп жазған олар.
Еске салайық, бұған дейін тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинағаны хабарланған еді. Талапкердің өзі ҰБТ-дан жоғары балл жинау басты мақсаты болғанын айтты.
Нұрқанат Қанат ҰБТ-ға дайындалған білім беру орталығы оған жетістігі үшін үш сыйлықтың бірін таңдауды ұсынған. Атап айтқанда, бизнес-класс пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады
Оқыңыз