"Mercedes, пәтер немесе 50 миллион теңге": Тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады

Тараздық талапкер Нұрқанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 ұпай жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты хабарды түлек білім алатын “Білім-Инновация” лицейі мәлімдеді.
“Бұл жетістік бір күннің нәтижесі емес. Бұған дейін Нұрқанат “XXI ғасыр көшбасшысы” зияткерлік байқауының жеңімпазы атанды. Оған қоса тарих пәні бойынша республикалық олимпиаданың үш дүркін алтын медаль иегері болды. Оның әрбір жетістігі мұғалімдердің еңбегі, жүйелі білім беру, ата-анасының қолдауы және оқушының зор талпынысының нәтижесі”, – деді лицей өкілдері.
ОқыңызНұрғанаттың өзі ҰБТ-дан жоғары балл жинау басты мақсаты болғанын айтты. Оның сөзінше, бұл нәтиже көп жылғы еңбектің, отбасы қолдауы мен ұстаздарының сенімінің жемісі.
Digital Business мәліметінше, Нұрқанат Қанат ҰБТ-ға дайындалған JUZ40 білім беру орталығы оған жетістігі үшін үш сыйлықтың бірін таңдауды ұсынған. Атап айтқанда, бизнес-класс пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы. Бұдан бөлек, білім беру орталығы талапкерге төрт жыл бойы ай сайын 140 мың теңге көлемінде шәкіртақы төлемек. Ал талапкердің ата-анасына 3 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.
Қазақстанда ҰБТ-ның негізгі кезеңі 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталғанын, өту балы мен тест ережелері қандай екенін жазған едік.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды