"Келін алдым": Уәлибек Әбдірайымов ұлын үйлендірді
“Шаншар” әзіл-сықақ театрының актері, әртіс Уәлибек Әбідрайымов құда атанды. Әбдірайымов келін алып, той жасады. Өнер өкілдері ақ тілегін арнап жатыр.
Уәлибек Әбдірайымов ұлын үйлендіріп, келін алды. Ұлына ұлан-асыр той жасап, игі жақсының басын қосты. Ағайын-туыс, дос-жаран, өнер өкілдері ақ тілегін жаудырып жатыр.
“Уәлибек аға, тойыңыз ,құтты болсын! Келініңіз құт болып кірсін. Жастар бақытты, ұрпақты болсын🤲 Ұрпағыңызбен мың жасаңыз”, - деді актриса Қарлығаш Ахметова.
Тойда танымал әртістер өнер көрсетіп, қонақ болды.
Желі қолданушылары да жастарға бақыт тіледі.
“Жастар бақытты болсын, көке. Той өте тамаша, қызықты өтті”, “Құдалық мың жылдық, күйеу жүз жылдық болсын. Денсаулығыңыз мықты болсын. Немере, шөбере сүйе беріңіз аға!”, “Уәлибек аға, тойыңыз тойға ұлассын”, “Той құтты болсын! Жастар бақытты болсын”, “Той құтты болсын! Жастар үміттеріңізді ақтасын!”, – деп жазды желі қолданушылары.
Театр басшысының өзі халыққа алғысын айтып, қуанышты екенін білдірді.
Тойда Ақжол Мейірбеков, Мақпал Жүнісова, Заттыбек Көпбосынұлы, Жүсіп Ақшора, Ғазизхан Шекербеков, Жанатбек Байтеков, басқа да әншілер қонақ болды.
“Барша ағайын, туыс-бауырларға алғысым шексіз! Тойымыз тойға ұлассын!”, – деді ол.