Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келінді болдым": Айнұр Тұрсынбаева ұлын үйлендірді

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ұлын үйлендіріп, келін түсірді. Ене атанған айтыскер қуанышты хабарды халыққа өзі жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қатты толқып отырмын! Бұл қуанышты бөліспеудің өзі кінә сияқты! Көзімнің ағы мен қарасы, ұлым Бегланым шаңырағымызға келін әкеп жатыр.

Ұлымның кішкентай кезінде “қашан өседі?” деп, ержеткенін күтіп, асығатынмын. Келін түсіру деген алыстағы армандай көрінетін. Сөйтсем, уақыттан жүйрік ештеңе жоқ екен ғой. Міне, бүгін келінді болдым. Аппақ келіннің басына ақ орамал тағып, отқа май салғыздық. Әжелеріміз айтпақшы, енді екі қолымды жылы суға салып отыратын сәтке де жеттім. Зымыраған өмір-ай...

Сәби болып құшағымда отырғаның кеше ғана сияқты еді. Ержетіп кеткеніңді байқамай да қалыппын-ау. Бакытты болыңдар!" – деп бөлісті Тұрсынбаева. 



Жаңа түскен келіннің есімі Мәдина, 21 жаста. Желідегі пікірлерге сүйенсек, Көкшетау өңірінің тумасы. Ал екі жас Түркияда бас қосып, сол жақтың мешітінде неке қидырды. Тұрсынбаеваның айтуынша, үлкен той әлі алда. 

"Тойға шақырмадың деп ренжіп жатқандар да бар. Бұл жәй ғана неке қиюға арналған дастархан ғой. Той енді болады. Айтпақшы, келінімді өзіме ұқсатып жатқандар көп екен. Ұқсай ма екен шынымен?" – деп елдің пікірін сұрады ақын. 

Көпшілік екі жастың “ағалы-қарындастай” бір-біріне ұқсайтынын атап өткен.

/>   

 

Талқылау