"Тұйық болып кетті": Балабақшада атыс шығарған күдіктінің анасы ұлының өткені туралы айтты
Ульяновск іргесіндегі балабақшада атыс шығарған жас жігіттің анасы Татьяна Валентиновна ұлының өткен өмірі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Московский комсомолец” басылымына сілтеме жасап.

Әйелдің айтуынша, ол мектептен шығып кеткен. Жігіттің достары болмаған және ол мүлдем ішімдік ішпеген.
Әйел оқу орнына шабуылға қатысты да сөз қозғады.
"Сегізінші сыныптан бері ол тұйық болып кетті. Бұл мінезі өзгерді деп ойлаған едім. Бұлай болатынын бңлген жоқпын. Ұлым бірге жұмысқа барғысы келетін адам іздеп жүретін", – деп түсіндірді ол.
Ол ұлының тұйық болып кетуі мектепте болған бір жағдаймен тығыз байланысты екенін айтады.
Ульянов ауданы Вешкайма ауылында орналасқан балабақшаға қарулы шабуыл жасалған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскүнем күтуші мен екі баланы өлтіріп, содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"