Ұшақ тұрғын үйлердің арасына құлап, өртеніп кетті
Бейсенбі күні Лос-Анджелестің солтүстік бөлігіндегі (Калифорния штаты) тұрғын үй ауданында шағын ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Cessna 172 ұшағы аталған ауданда әуежайға қонуы тиіс болған. Құлау орнында өрт шығып, бірнеше автокөлік жанып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үйлерге айтарлықтай зақым келмеген. Әуе кемесінің бортында ұшқыштан басқа ешкім болмаған.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын