"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" мереке қарсаңында қызылордалық 100 отбасына пәтер кілтін берді

Қызылордада Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында 100 отбасы баспаналы болды. Жаңа қоныс Сырдың сол жағалауынан берілді. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы баспаналы болған тұрғындарға пәтер кілтін облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова салтанатты түрде табыстады.

"Дәнекер" және "Авангард" құрылыс компаниялары салған көпқабатты тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында пайдалануға берілді. Үйлі болғандар қатарында құқық қорғау саласының өкілдері мен әскери қызметкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет саласының мамандары бар.

Мәселен, Бибігүл Садықова Қызылжарма ауылындағы мектепте мұғалім. Ол 2 жылдан бері "Тұрғын- үй құрылыс жинақ" банкінде салым ашып, баспана алу үшін қаржы жинаған. Міне көп ұзамай арманы орындалып, Сырдың сол жағалауынан 3 бөлмелі жаңа пәтерге ие болды.

"3 бөлмелі пәтер. Бірінші қабат, үйім жылы, кең, ремонты жақсы жасалған. Жас отбасы болса, жалдамалы пәтер алып жүргеннен көрі, осылай алғашқы жарнасын салып үй алған дұрыс деп ойлаймын", - деді қала тұрғыны Бибігүл Садықова.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының сол жақ жағалауынан жыл басынан бері 470 пәтерді құрайтын 10 көпқабатты тұрғын үй салынған. Енді олардың қатарына тағы үш тұрғынүй қосылмақ.

"2020 жылы сол жағалаудан біз 13 үй беріп жатырмыз. "Нұрлы жер" бағдарламасының 20 пайызын салған. Және де биыл "Шаңырақ" бағдарламасы арқылы 5-10-20 бағдарламасымен де осы сол жағалауда одан әрі үйлер беріледі", - деді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Қызылорда филиалының директоры Әділжан Саулебаев.

Айта кетейік, тұрғын үйлер ауласында ойын алаңы, бейнебақылау камерасы мен домофон орнатылған. Тіпті, жаңа шағын ауданда жоғарғы оқу орны, мектеп, балабақша, мұражай мен Жастар ресурстық орталығы бар.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі аясында жыл басынан бері 1200-ге жуық қызылордалық баспаналы болды. Сондай-ақ Қызылорда облысының әкімі жыл соңына дейін тағы 720 пәтер пайдалануға берілетінін хабарлады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр