Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұңғышымызды 4 жыл күттік": Сара Тоқтамысова тұрмыс құрған кезін есіне алды

Белгілі айтыскер ақын, мотиватор, кәсіпкер Сара Тоқтамысова ақ келін атанған сәтін есіне алып, тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sarkanai/

Өнер иесі тұңғышын туған күнімен құттықтап, өткенге шегініс жасады. 

“Ермұхамед – біз отау құрғаннан 4 жыл өткеннен кейін дүниеге келген бала. Сол 4 жыл әлі есімде. Өзімнен кейінгі түскен абысыным бірден бөпелі болғанда қатты қызықтым. Баласын бауырына басып отырған сәтте іштей алай-дүлей болатыным рас. Дәрігерге барамын қайталана беретін анализдер береді. Жылаймын. Ешкімге білдіртпеймін. Жалпы баламның дүниеге келуі қызық болды. Дәрігер 11 маусым босанасың деп берген. Сол кезде сіңлім Динара ҰБТ тапсыратын болды. Қатты уайымдадым. Қобалжығаным сонша Семейдегі 5 қабатты пәтерге мініп-түсе бердім. Қысқасы, сол күні толғақ басталды. Сол кездегі Семейдің бас имамы болған Тыныштық қажымен ақылдаса отырып, баламның есімін қойдық. Жары Эльмира да керемет кісі. Сол уақытта Семей өңіріне Заттыбек аға да келді. Жолдасым, “Зәке, сіз де баланы қолыңызға алып, фотоға түсіңіз. Сіздің үйде де шілдехана болсын” деді. Сол тілегі қабыл болды”, – деп жазды айтыскер ақын. 



Сонымен бірге айтыс өнерінің аққуы жаңа түскен келіншекке түрлі ыңғайсыз сұрақ қоюға болмайтынын ескертті. 

“Жалпы жаңа түскен келін көрсеңіздер, “Көтердің бе?” деп сұрау – ұнамсыз әрекет. Онсыз да жаны жараланып тұрған адамның жарасына тұз сеппеңіздер. Ондай сұрақтан аулақ болыңыз! Тұрмыс құрмай жүрген қыз көрсеңіз, “Қашан кетесің?” деп сұқтануға да болмайды. Сізге білінбегенімен, ол адамға қиын. Жетіскеннен балалы болмай жүрген жоқ, жетіскеннен күйеуге шықпай жүрген жоқ”, – деп кеңес айтты Сара Тоқтамысова. 

Еске салайық, айтыскер ақын орамал таққан қыздарға үндеу жасап, әдепті болуға шақырған еді. 

Талқылау